[유라시아대학교] Ханкук шетелтану университетінің ұлттық стратегияларды зерттеу жобалары агенттігінің делегациясының сапары > 미디어

닫기
통합검색

ENG
북방 문화 접점 확인과 문화 허브의 구축
HK+국가전략사업단 미디어

[유라시아대학교] Ханкук шетелтану университетінің ұлттық стратегияларды зерттеу жобалары агенттігінің делегациясының сапары

글쓴이 : 최고관리자

등록일 : 2024-06-27 11:41:38

조회수 : 496회

링크 #1 https://enu.kz/kz/news/2538 클릭수 621회

79067a9b724fcd1a7a78458287ca448f_1719456073_6443.jpeg
 

Ханкук шетелтану университетінің ұлттық стратегияларды зерттеу жобалары агенттігінің делегациясының сапары: ЕҰУ-мен ынтымақтастықтың жаңа перспективалары.

2024 жылдың 18 маусымында Халықаралық қатынастарды нығайту және академиялық ұтқырлықты дамыту аясында Оңтүстік Кореяның Ханкук шет тілдер университетінің өкілдері ықтимал ынтымақтастықты талқылау үшін Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне сапармен келді.

Қонақтардың қатарында Ханкук университеті басшысының орынбасары, саясаттану және халықаралық қатынастар бойынша профессор Чунг Ги Онг, зерттеуші профессор, аймақтық ғылымдар докторы Чу Янг Мин және зерттеуші профессор, саяси ғылымдар докторы Ли Джу Сонг болды. Сондай-ақ шараға ЕҰУ-дің өкілдері қатысты. Стратегиялық даму жөніндегі проректор Айтмағамбетов Д.Р., Халықаралық қатынастар факультетінің деканы Қосыбаев М.М., Шығыстану кафедрасының меңгерушісі Биримкулова Г.У., сонымен қатар Халықаралық ынтымақтастық департаментінің өкілдері мен Шығыстану кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы қатысты.

Кездесу барысында Ханкук делегациясы ЕҰУ-мен білім және ғылыми зерттеулер саласында әріптестік орнатуға нақты ниет білдірді. Тәжірибе мен білім алмасуға, сондай-ақ білім беру бағдарламалары мен ғылыми жобаларды әзірлеуге бағытталған түрлі халықаралық жобалар талқыланды.

Кездесу барысында білім беру саласындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы бірнеше меморандумға қол қойылды. Ханкук шетел тілдері университеті мен ЕҰУ арасындағы достық пен серіктестіктің белгісі ретінде екі тараптан да сыйлықтар табыс етілді.

목록