[응용민족정치연구소] Ханкук университетінің делегациясы Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтына келді > 미디어

닫기
통합검색

ENG
북방 문화 접점 확인과 문화 허브의 구축
HK+국가전략사업단 미디어

[응용민족정치연구소] Ханкук университетінің делегациясы Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтына келді

글쓴이 : 최고관리자

등록일 : 2024-06-27 11:38:44

조회수 : 504회

링크 #1 https://iaer.kz/en/item/336-delegacia-universiteta-hankuk-posetila-institut-prikladnyh-etnopoliticeskih-issledovanij 클릭수 320회

79067a9b724fcd1a7a78458287ca448f_1719455881_6795.jpeg


2024 жылғы 17 маусымда Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтына Корея Республикасынан Ханкук шетелдік зерттеулер университетінің (HUFS) делегациясы келді. Делегация құрамына HK + ұлттық стратегиялар жөніндегі ғылыми-жобалау агенттігі басшысының орынбасары Чон Ги-ун, сондай-ақ HK+ профессорлары Ли Джу-сон және Чу Ён-мин кірді.

Сапар барысында Институт қызметкерлері орталықтардың қызметін таныстырды, сондай-ақ осы саладағы бірлескен зерттеу жобаларын дамытуды талқылады. Делегация институттың ғылыми жетістіктерімен танысып, атқарылған жұмыстарды жоғары бағалады.

Кездесудің қорытындысы бойынша Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты мен Ханкук университеті арасында ынтымақтастық пен академиялық тәжірибе алмасуды нығайтуға бағытталған өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды. Қол қойылған меморандум өзара тиімді академиялық бағдарламаларды дамытуды, ғылыми қызметкерлермен алмасуды, академиялық қызметкерлердің сапарларын ұйымдастыруда өзара көмекті, сондай-ақ бірлескен зерттеулерді, дәрістер мен тренингтерді үйлестіруді көздейді.

Құжат қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді және автоматты түрде ұзарту мүмкіндігімен бес жыл бойы жарамды болады.


목록